Денсаулық

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Өткен тәулікте КВИ-мен тіркелген адам жоқ. 2020 жылдың 9-тамызында облыс бойынша COVID-19 инфекциясының 3103 жағдайы тіркелді, оның ішінде 49% ауру белгілерімен (1523) және 50,9% симптомсыз (1580) жағдай. 2317 (74,6%) науқас жазылып шықты.

Ақтөбе қаласында – 2257 жағдай, оның ішінде (990 симптомсыз), Әйтеке би – 19 (8), Алға – 89 (75), Байғанин – 56 (32), Ырғыз – 52 (33),  Қобда 15 (14), Қарғалы – 23 (15), Мәртөк – 46 (26), Мұғалжар – 167 (122), Темір – 178 (149), Ойыл – 21 (11), Хромтау – 74 (40), Шалқар ауданы – 106 (65).

Жалпы тіркелген 3103 науқастың 2,2% (69) сырттан әкелінген, 13,5% (422) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 49,4%(1534) жергілікті жағдайлар және 34,7% (1078) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 546 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button