Басты бет » Әлеумет » Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды

Қандыағаш қаласының бірқатар мекемелерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылып, жұмыстарын бастады.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қазіргі уақытта тұрғындар электронды цифрлық қолтаңба және әртүрлі мемлекеттік қызмет түрлерін ала алады.

Қандыағаш қаласында Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту орталығында, Қандыағаш қаласы әкімдігінде (Жамбыл көшесі, 64), Nur Otan партиясы аудандық  филиалы («Самал» шағын ауданы, 51) ғимараттарында, А.Жұбанов атындағы балалар саз мектебінде (Шынтасов,1В) және барлық мектептерде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған.

Аталған мекеме ғимараттарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына дербес компьютер мен принтер қойылды. Үйіне интернет желісі тартылмаған немесе компьютері де жоқ тұрғын осы жерге келіп, әуелі электрондық цифрлық қолтаңбасын алып, сосын мемлекеттік қызмет түрлерін алуына болады.

 Ж.АБАЙҰЛЫ,

Қандыағаш қаласы.