Жаңалықтар

Жаңа ғимарат, өзекті ұсыныс  

Қандыағаш қаласындағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ банктік қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңа ғимараттың жұмысымен танысуға Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шериязданов, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Вадим Каблов, филиал директорының бірінші орынбасары Торғын Беисова қатысты.

Жаңа бөлімше электронды кезек жүйесімен жəне жайлы күту залымен жабдықталған. Қауіпсіздік пен құпиялылықтың барлық талаптарына сəйкес келетін үш жеке кассалық кабиналар орнатылды. Жеке жəне заңды тұлғаларға қызмет көрсету бойынша үш менеджер, менеджер-кеңесші, орталық басшысы жұмыс істейді. Сондай-ақ клиенттерге дербес қызмет көрсету үшін 3 төлем терминалы орнатылған. Онда жеке жəне заңды тұлғаларға операцияларды қолма-қол, сондай-ақ қолма-қол емес жолмен жүзеге асыра алады. Тәулік бойы жұмыс істейтін екі банкомат орнатылған.

Жаңа бөлімше Тəуелсіздік даңғылы, 26А мекенжайында орналасқан.

Сонымен қатар аудан əкімдігінде болған келіссөзде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы басшылығына алдағы уақытта Қандыағаш қаласынан 4 банкомат, Ембі қаласынан 4 банкомат жəне екі елді мекенге 2 банкомат қажет екендігі туралы ұсыныс айтылды.

Айта кетейік, «Қазақстан Халық Банкі» «Халық» жеке қайырымдылық қорымен бірлесіп, 2019 жылы Мұғалжар ауданына 9,7 млн.теңге  тұратын инватакси автокөлігін алып берген болатын.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button