Денсаулық

«Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларын енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 04 шілдедегі №ПГСВ-42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

05.08.2020 ж.

Ақтөбе қаласы

«Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларын енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 04 шілдедегі №ПГСВ-42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Даулетова Гүлбану Үмбетқызы, аймақ тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын-алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларын енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігерінің  2020 жылғы 04 шілдедегі №ПГСВ-42 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:1)

4.4-тармақтың 3 абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«ХҚКО, оның ішінде арнайы ХҚКО (АвтоХҚКО) Egov.kz, EgovKZBBot 2.0 телеграммасында алдын-ала брондау арқылы, ХҚКО, call-орталықтар мен бейне қоңыраулардың жұмыс кестесі 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленіп, демалыс күндері – сенбі, жексенбі, сондай-ақ арнайы ХҚКО (авто ХҚКО) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) 09:00-ден 17:00-ге дейін, сенбіде 09:00-ден 14: 00-ге дейін».

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің орынбасары                                                          Г.Ү. Даулетова

Басқа жаңалықтар

Back to top button