Ауыл

1758 аула шөп түсіріп алды

Науқан

Бүгінде мұғалжарлық шаруалар шөп жинап, қысқа қамданып жатыр.

Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мəліметінше, алдағы қысқы маусымға 255 мың 800 тонна шөп жинау жоспарланған. Бүгінгі күнге 191 мың 800 тонна шөп дайындалды. Оның ішінде 142 мың 500 тоннасы тасылды. Тасылған шөптердің  66 мың 300 тоннасы қыстаққа, 76 мың 200 тонна шөп тұрғындарға сатылды.

Аудан бойынша үш мыңнан астам отбасы аулада мал ұстаса, қазіргі таңда 1758-і ауласына шөп түсіріп алды.

Шөп шабу науқанына 168 бригада, 907 техника жұмылдырылды. Анығы, 272 трактор, 210 шөпшапқыш, 100 шөптасығыш, 325 тіркеме алқапта жүр.

Жалпы аудан бойынша шөп шабумен 181 шаруа қожалығы, 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысады. Бір бума (рулон) шөп орташа 300-350 теңгеден сатылып жатыр.

 Ж.АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button