Басты жаңалықтар

Геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру жайы қозғалды

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі Серікқали Бірекешевпен және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиевпен кездесті», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесуге қатысушылар Ақтөбе облысының алдағы геологиялық  даму мәселелерін талқылады. Облыс әкімі өңірдің қолда бар әлеуетін ескере отыра, геология саласын барынша кеңейтіп, геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттігі жөніндегі мәселелерді көтерді. Бұл түбінде жаңа өндірістер құруға және облыстың инвестициялық ахуалын жақсартуға түрткі болатыны атап көрсетілді.
Кездесуде сондай-ақ өңір үшін, жалпы Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар ультра тұщы су нысаны болып табылатын «Көкжиде» кен орнына қатысты проблемалық жайлар да қозғалды.
Кездесу соңында аталмыш бірегей табиғи нысанды сақтау шараларын күшейту және әрі қарай бақылау жүргізу туралы шешім қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button