Жаңалықтар

Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларын ұзарту туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ»РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

30.07.2020 ж.

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларын ұзарту туралы

Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және  «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 04 шілдедегі №ПГСВ-42 және Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 шілдеде № ПГСВ-43 қаулысымен енгізілген қатаң шектеу және карантиндік шараларды 2020 жылдың 17 тамызын қоса алғанда ұзартылсын.

 

2. Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері қосымша:

2.1. Бұрын енгізілген шектеу және карантин шараларының сақталуын қамтамасыз етсін.

 

3. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы:

3.1. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағында қатаң шектеу және карантиндік шараларды ұзарту туралы халықты хабардар ету;

3.2. Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыруды қамтамасыз ету.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                            Н.А. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button