Басты жаңалықтарМереке

 Құрбан айт құтты болсын!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді қасиетті мейрам – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – ертеден-ақ халқымыздың тарихымен, өмір тіршілігімен біте қайнасқан рухани мейрамы.
Еліміз егемендігін алғаннан кейін бұл мерекені тойлау жаңаша серпін алып, кең көлемде аталып келеді.
Алайда елімізде індеттің кең таралып кетуіне байланысты бұл мереке биылғы жылы өзгеше болмақ. Бірінші кезекте – азаматтардың денсаулығын сақтау маңызды болғандықтан, біз мәжбүрлі түрде осындай шараларға барып отырмыз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кейбір діни рәсім-жоралғыларды орындау бойынша өзгерістер енгізді.
Жұқпалы вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мешітте жамағатпен бірге Айт намазы оқылмайды. Құрбан шалу рәсімі де онлайн форматта жүргізіледі. Яғни үйден шықпай, арнайы сайт арқылы тапсырма беріп, құрбан шалдырып, сауап жинауға болады.

Қадірлі ағайын!

Мереке тұсындағы барлық сауапты істеріңіз бен ізгі тілектеріңіз қабыл болсын! Кәсіптеріңізге береке, амалдарыңызға адалдық тілей отырып, айттан айтқа аман-есен жете берейік дегім келеді. Барлығымыз бірігіп, барлық ықылас-ниетімізбен тілеген дұға-тілектерімізді Алла қабыл етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ізгі ниетпен,

Ақтөбе облысының әкіміОңдасын ОРАЗАЛИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button