Жаңалықтар

Байғанин ауданында дәрі арзан

Байғанин ауданында дәрі-дәрмектердің бағасы республикалық деңгейде белгіленген межеден арзан.

Аудан әкімі Қ.Отаров аудандағы дәріханаларды аралап, баға тұрақтылығын тексерді. Дәрі-дәрмек жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында дәріхана басшылығымен келіссөз жүргізіп, дәрілердің қорын бақылады.

Шара барысында аудан басшысы дәрілер жетіспейтін болса, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді ауданға жеткізу мәселелері туындап жатса, әкімдік тарапынан қолдау болатынын баса айтты.

Тексеру қорытындысында, аудан дәріханаларындағы дәрілердің бағасы республикалық деңгейде белгіленген шектік бағадантөмендігі анықталды. Атап айтқанда,мукалтин дәрісінің шектеулі бағасы — 315 теңге, ал Байғанин ауданында оның құны — 220 теңге. цитрамон п дәрісінің  шектік бағасы— 137 теңге болса, аталған ауданда 90 теңгеден сатылып жатыр. Шектік бағасы 128 теңгеге бағаланған парацетамол дәрісі мұнда 120 теңге тұрады.

 

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button