Басты жаңалықтарДенсаулық

Ақтөбеде провизорлық орталық жабылды

Қазақстан өңірлерінде провизорлық және инфекциялық стационарлар жабылып, төсек-орындар саны қысқарады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстанда 7 провизорлық стационар және 1 инфекциялық стационар жабылды. Жалпы саны 1 070 төсек-орын, сондай-ақ 6 провизорлық стационарда 855 орынға арналған кереует саны қысқарды. Жабылған стацонарлар қатарында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің А.Досжанова атындағы жатақханасында ашылған 300 орындық провизорлық орталық бар.

«Қазақпаратқа» берген сұхбатында аталған провизорлық орталықтың бас дәрігері  Есенаман Нысанов аталған жатақханада шілде айының басында 600 орындық орталық ашылғанын, оның 300-і 1-2 корпустарда, қалған 300-і 3-4 корпустарда орналастырылғанын айтады.

«Біздің орталыққа жағдайы орта және жеңіл деңгейдегі науқастар әкелінді. Науқастар жатақхананың екі корпусына, барлығы 340 орынға жатқызылды. Барлығы да толыққанды емделіп, үйлеріне шығарылды.

Науқастар саны мен аурушаңдық саны 4 пайыздан 1,7 пайызға төмендеді, жедел жәрдем шақыру да айтарлықтай азайды, соның нәтижесінде, міне, провизорлық орталықты жауып жатырмыз.Дәрілік препараттар мен медициналық жабдықтарды резервке тапсырдық», — деді бас дәрігер.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button