«Ақтөбе — құтты мекен»

Көшелерді тазарту түнде де тоқтатылмайды

Шаһар

Ақтөбе қаласы санитарлық тазалау жұмыстары бойынша 9 ауданға бөлінген. Қазір сол аумақтарда 6 мердігер мекеме жұмыс жасап жатыр. Биыл бұл бағытқа бөлінген қаражат мөлшері — 538 миллион теңге.

Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімісанитарлық тазалау секторының меңгерушісіРүстембек Омаровтың айтуынша, қаладағы Арбат, саябақтар мен гүлзарлар сияқты халық көп серуендейтін жерлер күн сайын жиналады.

Ағымдағы жылдың жұмыс жоспарына сәйкес санитарлық тазалау жұмыстары бойынша Ақтөбе қаласы аумағы 9 ауданға бөлінді. Қазіргі күні сол аумақтарда 6 мердігер мекеме жұмыс жасап жатыр. Олар —  «Ақжол ЛТД», «Қызмет Групп», «Өтес Ақтөбе», «Ажар Ақтөбе», «Болашақ Гарант Сервис» және «Гранит Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Сонымен қатар қала аумағында орналасқан гүлзарлар мен саябақтардың санитарлық тазалығына екі мердігер мекеме жауапты. Олар — «Самғау-2030» және «Нұрлы таң Ақтөбе» серіктестіктері, — дейді сектор меңгерушісі.

Оның айтуынша, санитарлық тазалауға жауапты мекемелер өз учаскелерінде кездейсоқ қоқыстарды жинап, жаяу жүргіншілер жолын сыпыру, ағаштардың түбін әктеу, қоқыс жәшіктерін, орындықтарды жуу және сырлау, шөп шабу сияқты басқа да жұмыстармен айналысады.

Биыл қаланы көгалдандыру, көркейту, санитарлық тазалау жұмыстарына «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 347 оқушы-студент жұмылдырылыпты. Оның 214-і маусым айында еңбек еткен. Қазір бұл іске тартылған жастар күні бойы көше бойында шөп жұлып, жиналған қоқыстарды тасиды. Сондай-ақ  аялдамаларға санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, жол жиектерін, қоршауларды жуады.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қазір шаһарымыздың тазалығына ерекше мән берілуде. Биыл қалаға санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін 538 миллион теңге бөлінді. Қазір қаладағы орталық көшелердің тазалығына «Самғау-2030» мердігер компаниясы жауапты. Компания басшылығы қарамағындағы жұмысшыларды күн сайын бір-бірден кезекшілікке қалдырады. Яғни кезекшілікте қалған адам кешкі сағат 17.00-ден күн батқанға дейін саябақтар мен скверлерде қоқыс жинайды, — дейді Рүстембек Омаров.

Көшеге арнайы техникамен су шашу, көпірлерді, жолдардың жиектерін жуып, сыпыру жұмыстарынмердігер мекемелер күндіз ғана емес, түнде де атқарады.

Түнгі сағат 23.00-ден басталатын мұндай жұмыс таң ата аяқталып, күндізгі бригада кезекшілікті қабылдап алады. Өйткені Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров мердігерлерге бұл жұмыстардың үзіліссіз жасалуы тиістігі жөнінде талап қойған.

Санитарлық тазалауға жауапты мердігер мекемелердің қарамағында еңбекке жарамды жасы үлкен аға-апаларымыз да жұмыс жасайды. Олар өз учаскелерінде күнұзағына брусчаткалар мен жиектастарды қолмен жуып, сыпырады. Алайда көпшілік тұрғындардың қарапайым еңбек адамдарының осындай жұмысын бағаламай жататыны өкінішті. Сондықтан біз қала тұрғындарын мұндай еңбекке құрметпен қарап, тазалық мәдениетін сақтауғашақырамыз, — дейді Р.Омаров.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button