Денсаулық

11 адамнан коронавирус  анықталды

Ақтөбеде коронавируспен ауырған 11 адам тіркелді. Оның 8-і клиникалық симптомдары бар, ал 3-еуі симптомсыз.

Диагностикалық  ПТР зерттеулерінің қорытындылары 1965, 1951, 1956, 1971 жылғы 4 әйел адамға, 1982, 1994, 1980, 1940 жылғы 4 ер адамға COVID-19 диагнозы қойылған. Науқастардың біреуі  — Мұғалжар ауданынан, қалғанының барлығы — Ақтөбе қаласының тұрғындары.

4 пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген, 3 адамда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеу кезінде, 1 адамда профилактикалық тестілеу барысында қауіпті індет анықталған.

Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық ауруханаға оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдауда.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған  2958 адам (1439 — симптомды, 1519 — симптомсыз) тіркелген, жазылып шыққаны — 1434 адам.

Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button