Денсаулық

Дəрігерлерге мың алғыс

5 шілде күні Темір аудандық орталық ауруханасының терапия бөліміне ауыр халде  түстім. Емдеу мекемесінің дәрігерлері мен медбикелері  барлық жағдайымды жасады.

Күні-түні көз ілмей барлық науқастарға бірдей қараған медицина қызметкерлеріне риза болдым. Ақ халатты абзал жандардың мейірімі мен жан жылуының арқасында, Аллаға шүкір, дертімнен сауықтым. Осы ретте медицина мамандары Нұргүл Жантекина, Бибігүл Неталина, Мира Балмаханова, Бибіхан Ханова, Орнай Сәрсенова, Алмажан Төкешова, Галя Қонақбаева, Нұргүл Мұқатова, Бота Оразғалиева, Әсемгүл Бақтыбай, Дина Ибраимова  және тазалықшылар Гүлмира, Әсел, Сұлу, Нұргүл, Самал, Айнұр, Шолпан есімді балаларыма алғысымды айтқым келеді.

Жасым тоқсанға таяғанда ауыр дерттен айықтым. Дәрігер балаларыма ақ батамды бердім. Айналайындар, еңбектерің елене берсін,отбастарың аман болсын! Менің бейнетімді емес, жасымды берсін! Еліміздегі індет жойылсын!

 Ораз БОРАНБАЕВ,

зейнеткер.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button