Құқық

Жасөспірімдер қадағаланды

Тәртіп

Облыстық полиция департаменті 17-26 шілде аралығында облыс аумағында «Қадағалаусыздық» атты жедел алдын алу іс-шарасын жүргізді.

Оның мақсаты — жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілсіз болу және ойын-сауық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактілерін анықтау, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкогольді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқықбұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу.
Аталған жоспарлы жедел алдын алу іс-шарасы барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жергілікті жерлерде және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізді.
Полиия департаменті баспасөз қызметі берген дерек бойынша, шара нәтижесінде ішкі істер бөлімдеріне кәмелетке толмаған 327 жасөспірім жеткізілген. Оның ішінде 312 жасөспірім сағат 23.00-06.00 аралығында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүргені үшін, 14 жасөспірім әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жеткізілген. 15 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Кәмелетке толмаған 41 жасөспірім және 26 қолайсыз отбасы ішкі істер бөлімдерінің есебіне алынған.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button