Білім

1 сыныпқа қабылдау 1 тамызда аяқталады

Балаларды 1-сыныпқа қабылдау биыл жылдағыдай 31 тамызда емес, 1 тамызда аяқталады. Бұл туралы қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жұлдыз Шалабаева айтты.

Баланың құжаттарын egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе қала мектептерінде орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету орындары арқылы беруге болады. Мектептерге өтінішті жазбаша беруіңіз қажет.

— Құжат тапсырған кезде ата-ананың өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 3х4 форматындағы екі суреті мен 063/е нысанды медициналық құжаттамасы болуы керек. Бала денсаулығы паспорты, яғни026/у-3  нысанындағы медициналық анықтаманы әзірге тапсырмауға болады, оны сабақ басталғанша әкелсе болғаны, — дейді Жұлдыз Шалабаева.

Бөлім басшысы орынбасарының айтуынша, биыл жалпы алғанда 10 800 баланы бірінші сыныпқа қабылдау жоспарланып отыр. Оның жартысына жуығының ата-аналары баланың құжаттарын тапсырған.

— Қалған ата-аналар да осы аптада тезірек тапсырып болуы керек. Кейбір ата-аналардың оқу онлайн режимде өтеді, балалар толыққанды білім ала алмай қалады деп қорқуының қажеті жоқ. 1 қыркүйектен бастап барлық санитарлық талаптардың сақталуымен кезекші саныптар ашылады, яғни ата-аналардың қалауымен балалар мектепке барып оқи алады, — дейді Ж.Шалабаева.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button