Басты жаңалықтарДенсаулық

ПТР- тесттен кімдер тегін өтеді?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры наурыз, маусым айлары аралығында облыста коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін 15 мың ПТР-зерттеуге 177 миллион теңге бөлген. 

Облыстағы алғашқы көмек ұйымдары жанындағы 152 мобильді бригада індет белгісі байқалған науқастардан полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тестілеу жүргізу үшін биологиялық материалдар алды.

Облыстағы 4 зертхананың тәулігіне 800 тест жасауға мүмкіндігі бар. Оның екеуі — жекеменшік, екеуі — мемлекеттік зертхана.

ПТР-тестілеуден кепілдендірілген тегін көмек және сақтандыру қаражаты есебінен кімдер тегін өтеді?

Біріншікезекте—инфекциялықстационарлардажатқанпациенттер. Диагноздырастап,емдеуалгоритмінқолдануүшін оларшұғылтүрдетексерілуікерек. Келесісанат—провизорлықстационардағы COVID-кекүдіктіпациенттер.Үшінші — жұқпалы вирусты инфекция және пневмония симптомдары бар азаматтар. Олар емдеуші учаскелік дәрігердің жолдамасыментегін өте алады. Сондай-ақ тестілеу карантин изоляторына жатқызылған вирустың симптомсыз тасымалдаушыларына да жасалады.

Жоспарлы емге жатқызылатын пациенттер де ПТР-тест тапсырады. Оның ішінде  жүкті әйелдер, шұғыл емге жатқызылатын пациенттер бар.

 

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button