Денсаулық

Сақтандыру қоры науқас үшін қанша қаржы төлейді?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеу үшін наурыз бен маусым айлары аралығында еліміздің стационарларына 42,2 мың кереуетке 472 миллион теңге бөлді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.

Наурызға қарағанда, маусым айында провизорлық стационарларда кереует саны өсті.

Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін қор шілде айында медициналық Сақтандыру ұйымдарға қатысты тарифті көтерді. Енді қор провизорлық стационарға 1 кереуетке күніне 21,9 мың теңгеден астам қаржы төлейді. Тәулік бойы стационарға 32,2 мың теңгеден, науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін 70 мың теңгеге жуық қаржы бөледі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 1 инфекциялық және 43 провизорлық стационарменшарт жасасты. Бұл байланыс жұмыстың жүйелі жүруіне ықпал етпек.

Стационарлық емге COVID-19 індетіне шалдыққан жағдайы ауыр және орташа пациенттер ғана жатқызылады.

Сондай-ақ амбулаторлық деңгейдегі медициналық көмекке қол жеткізу үшін емханалар жанында мобильді бригадалар құрылды. Олар үйге барып қызмет көрсетеді, яғни дәрігер науқасты қарап, ем тағайындайды, рецепт жазып береді,  манипуляциялар жүргізеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button