Әлеумет

Бір күнде екі мыңнан аса өтініш түскен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты күшейтілген карантин режимін шілде айының соңына дейін ұзарту туралы Жарлығына сəйкес мұқтаж азаматтарға 42500 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем төленетін болды.

Еліміздің барлық өңірлерінде 42500 теңге көлеміндегі төлемді тағайындауға өтініштерді қабылдау басталды.

— Алғашқы қабылдау күнінде қалалықкомиссияға 2 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Біз олардың әрқайсысын мұқият қарап жатырмыз. Төлем арнайы талаптар бойынша тағайындалады, — дейді облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары, комиссия мүшесі Жеңісбек Ақбергенов.

Əлеуметтік төлемге өтініш карантиннің күшейтілген талаптарына байланысты қызметі шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардан жəне жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілерден қабылданады.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button