Жаңалықтар

Ақтөбеде—жаңа бас имам

Облысымыздың бас имамы Төлеби Оспан Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұжымын жаңа басшымен таныстырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен қалалық орталық мешітке жаңа бас имам болып Нұрлыбек Күзенбаев тағайындалды. Бұған дейін ол облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.

Облыстың бас имамы Төлеби Оспан қалалық орталық мешіттің бұған дейінгі басшысы Амантай Сәдиевке өзінің алғысын жеткізіп, Қағбадан әкелінген Құран кітабын сыйға тартты. Ал Нұрлыбек Күзенбаевқа жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

А.Сәдиевке сондай-ақ Ақтөбе қалалық мәслихаты атынан да Алғыс хат табысталды.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button