Әлеумет

Жерлеу рәсіміне 10 адамнан артық жиналмаған ләзім

Адамзатқа бейтаныс COVID-19 вирусының таралуына байланысты бұрынғы үйреншікті көп дағдыдан бас тартуға тура келеді. Соның бірі—індет кезінде көпшілік қатысатын жиындарды шектеу.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы індеттің одан әрі таралуының алдын алу мақсатында жерлеу рәсімінен кейін ас беру, марқұмның жетісін, қырқын беруді әзірге тоқтата тұруға шақырып отыр. Осыған байланысты ҚМДБ мәлімдемесінде жаназа намазы мен жерлеу рәсімін санитарлық талаптарды барынша орындай отырып өткізу, осы мақсатта дін қызметкерлеріне қолдау көрсету керектігі атап өтілген. Жаназа намазына ең жақын деген 10 адам ғана қатысып, намаз уақытын 5 минутпен шектеу ұсынылып отыр. Соның ішінде зейнет жасындағы, ауырып жүрген және денсаулығы нашар адамдар мен балаларды жаназа намазына қатыстырмау керек. Жиналғандар қол алысып амандаспай, арақашықтықты сақтаулары тиіс.

Марқұмды жерлегеннен кейін жиналғандар тез арада тарағаны дұрыс. Марқұмның қабірін көтеру, жетісі мен қырқын өткізу, Құдайы ас беруді эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін тоқтата тұру ұсынылады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button