Жаңалықтар

Қарғалылық кәсіпкерлер ауруханаға 5 оттегі концентратын алып берді

Қарғалы ауданы кәсіпкерлері мен қайырымды азаматтары аудандық аурухананы оттегімен демалатын құрылғылармен қамтамасыз етіп жатыр. Кәсіпкерлер аудандық ауруханаға өкпе қабынуы дертіне шалдыққан науқастардың еміне қажетті 5 оттегі концентратын тарту етті.

Оған қоса оттегі баллондарын толтыруға көмек көрсетіп жатыр. Бұл аппараттар қазіргі кезде іске қосылып, науқастардың тиісті ем жүргізіліп жатыр. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Айжарықовтың айтуынша, алдағы уақытта жергілікті кәсіпкерлер мен қайырымды азаматтар тағы да оттегі концентраттарын қосымша алуды жоспарлап отыр.

— Жанашырлық танытып, өз үлесін қосамын деп ықылас танытқан кәсіпкерлердің қайырымды істерін ұйымдастырып, кесте бойынша ауруханаға жеткізу жоспарда бар, — дейді ол.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Б. Жаржановтың мәліметінше, бүгінде ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 жағдай тіркелсе, өкпе ауруымен  106 адам науқастанған. Қазіргі уақытта провизорлық стационарда орташа деңгейдегі екі жақты өкпе қабынуымен ауырған 51 адам ем алып жатыр, 52 адам құлан таза айығып шыққан. Аудандық ауруханадағы провизорлық стационарда 70 кереует бар, аурухана вирусқа қарсы препараттармен, дәрі-дәрмекпен толық қамтылған.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button