Басты жаңалықтар

Медицина қызметкерлері ұлықталды

Nur Otan партиясы филиалы ғимаратында өткен шарада медицина саласы қызметкерлері марапатталды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин: «Бүгінде еліміз өзге мемлекеттер секілді коронавирус індетіне қарсы күресіп жатыр. Бұл — өте ауқымды, ауыр әрі қиын жұмыс. Мемлекет қазіргі таңда дертке шалдыққандар санын барынша азайтудың, науқастарды қажет дәрілермен және емдеу құралдарымен қамтамасыз етудің барлық шараларын қабылдауда. Осы аурумен күресте дәрігерлер мен медбикелерге үлкен жүк түсіп отыр. Күн сайын сіздер шексіз батылдықты, ержүректілік пен адамдарға деген қамқорлықты көрсетіп жүрсіздер», — деп, оларға аса жауапты жұмыстары үшін алғыс айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік марапат тапсырды. М.Оспанов атындағы БҚМУ кафедра меңгерушісі Мейрамбек Құрманғазинге «Парасат» ордені табыс етілді. Ақтөбе медицина орталығының медициналық директоры Ардақ Есенжолова, №3 қалалық емхананың бас дәрігері Жәнібек Нармұхамедов және т.б. үздік мамандар «Құрмет» орденімен марапатталды. Тағы төрт дәрігер «Ерен еңбегі үшін» медалін алды. Олардың қатарында Шалқар, Қарғалы аудандық ауруханаларының, қалалық емханалардың дәрігерлері бар. Шара барысында сондай-ақ бірқатар медицина қызметкеріне «Шапағат» медальдары, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері табыс етілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button