Спорт

Берік чемпион атанды

Бокс

Биылғы жылы бокстан өткен Қазақстан чемпионатында қола медальға ие болып, ақтөбеліктер арасында жалғыз жүлдеге қол жеткізген Берік Абдрахманов АҚШ-тан мерейі үстем болып қайтты.

Солтүстік Кореолинада өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында 60 келі салмақта сынға түскен Берік Тринидат боксшысын екі рет нокдаунға түсіріп, 16:0 есебімен жеңіске жетті. Ал жергілікті америкалық спортшымен жекпе-жекте 1:3 есебімен ұтылып жатып, 2-раундта қарсыласын терең нокдаунға жіберді. Гонг соғылғанда есеп 11:4 болды. Ал ақтық сында Пекин олимпиадасына қатысқан итальяндық боксшыны 4:0 есебімен ұтып, әлем чемпионы атанды.

Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі Берік Абдрахманов №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Руслан Оңалбековтің қарамағында жаттығады.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button