Денсаулық

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 26 жағдай тіркелді

(2020 жылғы 13-шілдедегі мәлімет бойынша)

Диагностикалық ПТР зерттеулерінің қорытындылары үш 1960, 1966, 1985, 1961, 1948, 1968, 1963, 1956, 1992, екі 1947, 1965, 1953 жылғы 15 әйел адамға,  11ер адамға –1966, 1976, 1960, 1957, 1962, 1984, 1968, 1970, 1962, 1964, 1946жылғы азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылған. Науқастардың төртеуі –Байғанин ауданынан, қалғанының барлығы– Ақтөбе қаласының тұрғындары.

17пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген. Ал, 8адамда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеу кезінде, 1 адамда эпидемиологиялық бақылау барысындақауіпті індет анықталған.

Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық ауруханаға оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдауда.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

13.07.2020 ж.жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 2349адам тіркелген.

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button