Жаңалықтар

Арнайы төсбелгілер табыс етілді 

Темір ауданы бойынша өзге аудандармен шекаралас жерлерге және облыс орталығына қатынайтын жолдарға қойылған блок-бекеттерде күні-түні қызмет еткен аудандық аурухана қызметкерлері мен әр сала азаматтары аудан әкімдігінің тапсырысымен әзірленген арнайы төсбелгімен марапатталды.

Аудан әкімі Жолдас Батырхан сын сағатта алдыңғы шептен көрініп, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек еткен дәрігерлер мен ел азаматтарына өз алғысын білдіріп, «Төтенше жағдай кезіндегі ерекше еңбегі үшін» төсбелгісін бірқатар дәрігерлер мен аудан азаматтарына табыс етті.

Айта кету керек, Темір ауданы бойынша блок-бекеттерде медицина саласының 47 білікті маманы нәтижелі жұмыс атқарды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button