Жаңалықтар

Құрбандық шалынып, дұға оқылды

Жақыныңа жанашыр бол!

Қазіргі қиын кезде халықтың көңіліне демеу болу мақсатында еліміздегі мешіттерде құрбандық шалынып жатыр. Біздің облыстағы мешіттерде бүгінге дейін 10 ірі қара, 11 қой құрбандыққа шалынды. Құрбандық малдың еті мұқтаж отбасыларға таратылды.

Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың саламаты мен сәлемі болғай!) өзінің өсиетінде: «Науқастарыңызды садақа беріп емдеңіздер», — деген. Пайғамбар өсиеті Алланың қалауын білдіретіні баршаға аян. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт қызметкерлеріне қазіргі сәтте халықтың саулығын тілеп, ғибадат амалдарына көбірек көңіл бөлуді, соның ішінде садақа ниетімен құрбандық шалуды тапсырған еді.

Біздің өңірде жамағаттың қолдауымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінен бастап, Байғанин, Алға, Мұғалжар, Әйтеке би, Хромтау, Мәртөк аудандық және Ембі қаласының мешіттерінде, Ақтөбеде қалалық Орталық мешіт пен Сүлеймен ата, Қабақ баба және Әс-Сәлам мешіттерінде нәпіл құрбандықтар шалынып, науқастардың сауығуы, халықтың денсаулығы мен еліміздің амандығы үшін дұға оқылды. ҚМДБ-ның облыстық өкілдігінің қыз-келіншектер секторы да бұған өз үлестерін қосып, құрбандыққа бір қой шалды.

Нәпіл құрбандыққа шалынған малдың жалпы салмағы 1 тонна 850 келі болатын еті 330 отбасыға таратылды.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button