Басты жаңалықтар

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарының қалай жүзеге асырылып жатқандығын тексерді

Өңір басшысы «Қазақстанға 30 жыл», Ш.Берсиев көшелеріндегі жол жабындысының, сондай-ақ, Заречный елді мекеніне апаратын айналма тас жолдың қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
Аталған жерлер мен «Гарнизонная», «Сәтпаев» «Кең», «Т.Рысқұлов» көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал «Снайперская» көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті.
Тұрғындар мұнда жол жөндеу жұмыстарының жүргізілмегеніне 30 жылдан асқанын айтты. Қазіргі таңда мердігер мекеме мен Aqtobe su-energy group коммуналдық кәсіпорны жұмысты бірге жүргізуде.

– Жолға асфальт төсемес бұрын бәрін бүге-шігесіне дейін ойластырып, технологиялар мен талаптарды сақтау керек. Екі жұмыс қылмас үшін алдымен құбыр төсеу жұмыстарын әбден аяқтап, содан кейін ғана асфальт төсейсіздер»,- деп талап қойды облыс әкімі.
Өңір басшысы қала әкімі Асхат Шахаровқа аталған мәселені үнемі бақылауда ұстауды тапсырды. Ал мердігер мекемелердің басшыларына жұмысты 1 қыркүйекке дейін аяқтау керектігін ескертті.

Кейін облыс әкімі көпқабатты үйлердің бірінің ауласында орнатылған футбол және балалар алаңдарын қарап шықты.

Облыс әкімнің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button