Ауыл

Жаркемерге су жетті

Мұғалжар ауданы Жаркемер ауылындағы әр үйге енді су кіріп тұр.

Ауыл әкімі Мейрамбек Боқашевтың айтуынша, ауыл ішіне жəне ауылдағы 17 үйге жалпы ұзындығы 1,2 шақырымға су құбырлары тартылды. Су құбырларын тарту жұмыстарына «Коммуналшы» мекемесі, «ҚазақОйлАқтөбе» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниялары атсалысты.

Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышына аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ғайният Асқаров, аудандық мәслихаттың депутаты Сайлау Қиясов қатысты. Ауыл тұрғындары ауызсумен қамтамасыз ету мәселесінің шешілгеніне дән риза.

 А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button