Экономика

1700 ақтөбелік жұмысқа орналасты

Жол картасы

Төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамтудың негізгі құралы жаңа «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы іске қосылды.

Аталған бағдарлама 240 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

  • «Жұмыспен қамтудың жол картасы» — тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелерін шұғыл шешу мақсатында әзірленген және қосымша жұмыс орындарын құруға, жұмыссыз азаматтардың санының артуына жол бермеуге бағытталған бағдарлама. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды, өзін-өзі қамтушыларды, оның ішінде уақытша тіркеуде тұрғандарды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын мердігер жұмыс берушілерге бағыттайды. Осы мақсатта Ақтөбе қаласына 109 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 29,3 миллиард теңге бөлінді. 7340 жаңа жұмыс орнын құрып, 3671 жұмыссызды жұмысқа бағыттау жоспарланған, — дейді  Ақтөбе қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Алтынай Маханова.

Оның айтуынша, бүгінгі күні «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1700 ақтөбелік жұмысқа орналасты. Жалақы мөлшері 85 мың теңгеден басталып, бағытталғандардың еңбек өтілі мен тәжірибесіне қарай ұлғаяды.

Жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтушыларды жұмыс орнына бағыттау мақсатында саяжай маңында орналасқан үй-жайларды аралау жұмыстары және халық көп шоғырланатын жерлерде, атап айтсақ, «Анвар», «Дина» гипермаркеттері алаңында, қала бойынша сауда орталықтарында, Халықтық кеңсе алдында, №41 разъезд көтерме сауда базарында мобильдік рекруттік пункт арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Қамқор» акциясы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар «Алтай» және «Шығыс» сауда орталықтарында мобильді орталық ашылып, Жұмыспен қамту орталығының мамандары қабылдау жүргізуде.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button