Басты жаңалықтар

Бірнеше ауданның даму қорытындысы тыңдалды

Облыс басшысы Оңдасын Оразалин Мұғалжар, Алға, Қобда және Хромтау аудандарының әкімдерін қабылдады. Олар аудандарының 2020 жылдың бірінші жарты жылы ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндады. Аудан басшылары негізгі даму индикаторлары туралы ақпарат берді.
— Қазір еліміз қиын күндерді басынан кешіп жатыр, арқаны кеңге сала алмаймыз: кәсіпкерлікті дамытудың, жұмыспен қамтудың және жұмыс орындарын құрудың ең тиімді шараларын қабылдау керек. Әрине, карантинге байланысты шектеу шараларын ескеріп отыруымыз қажет. Біз Президент тапсырмаларын сапалы әрі толықтай орындау үшін бар күшімізді салуға тиіспіз. Ол үшін бізде ресурстар да, әлеует те бар, — деді облыс әкімі.
Оңдасын Оразалин аудан әкімдеріне шағын және орта бизнес пен ауыл шаруашылығын дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, жұмыс орындарын құру, сонымен қатар COVID-19 бен өкпе қабынуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
— Мемлекет басшысы әрі қарай даму үшін барлық жағдайды жасап жатыр, қаржыландыру жағынан мәселе жоқ. Сіздер білекті сыбанып жұмыс істеулеріңіз керек, әсіресе қазіргі уақытта, — деп атап өтті облыс басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button