Денсаулық

Ырғызда коронавирус инфекциясы бойынша 30 жағдай тіркелді

Бүгінгі күні Ырғыз ауданында коронавирус инфекциясы бойынша 30 жағдай тіркеліп отыр. Оның ішінде 23 жағдай — инфекцияның симптомсыз түрі.

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Талғат Жолдыбайдың айтуынша, қазіргі таңда ауданда

эпидемиологиялық  жағдай тұрақты. Науқастармен қарым-қатынаста болған тұрғындар оқшаулануда.

Бүгінгі күні тіркелген жағдайлар бойынша індет ошақтарына, сондай-ақ аудан орталығындағы көшелерге, бірқатар кәсіпкерлік  нысандарына, көпшілік жиналатын орындарға «Дезинфекция» акционерлік қоғамы мекемесінің мамандары дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ басқарма қызметкерлері халыққа індеттен сақтану керектігін айтып, түсіндірудеміз. Әрбір тұрғын сыртқа шыққанда бетперде мен қолғап киіп, барынша қорғанып жүруі тиіс, — дейді Т.Жолдыбай.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Ырғыз аудандық ауруханасының медициналық қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты және оның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында аудандық ауруханаға карантин енгізу туралы қаулы қабылданып, науқастарды емдеуге жатқызу үшін инфекциялық бөлімше ашу жұмыстары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ провизорлық стационарда кереует санын көбейту, пневмонияның жеңіл түрін емдеу үшін емханада күндізгі стационар ашу бойынша  жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 Данагүл ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button