Пікір

Алмағайып кезеңдегі кемеңгер басшы

Әділжан ӘБЕНОВ,

аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласы елдік мұраттарымыздың, ұлт ретінде болашаққа ұстар бағытымыздың айқын екенін аңғартты.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қажырлы еңбегі, мемлекетімізді қалыптастыру жолындағы ролі туралы толғана отырып, «Қазақсан —  қалыптасқан қоғамдық құрылыстар ауысқан алмағайып кезеңде кемеңгер басшысын таба білген ел» деп орынды атап өтеді.

Ұлтты ұлы мақсаттарға жеткізетін ұрпақтар арасындағы сабақтастық екені сөзсіз. Ата-бабаларымыз қашанда ынтымақ-бірлікке мығым болған. Соның арқасында атақоныс — Ұлы даланы талай жаудан қорғап, бүгінгі бізге баға жетпес мұра етіп қалдырды. Міне, тәуелсіздік жылдарында осы ұлан-байтақ жеріміз халықаралық құжатпен рәсімделіп, мәңгілікке бекітілді. Бұл — Елбасының ұрпақтар ешқашан ұмытпайтын зор еңбегінің бірі.

Елдікті сақтау жолында ері «елім» деп тер төксе, елі сол адал перзентін құрметтей білуі, келешек ұрпағын да соған тәрбиелеуі керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасы туралы мақаласының тағылымы осы деп түйдім.

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button