Білім

Ырғыздық екі түлек  ұбт-дан 136 балл жинады

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуде ауданның екі түлегі жоғары балл жинады.

Олар — Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің түлегі Әсем Мырзағали және Темірастау орта мектебінің оқушысы Ақбота Әбдіғаппар.

Биыл ауданда ұлттық бірыңғай тестілеу 25-27 маусым аралығында өтті. Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша екі түлек 136 балл жинады.

Жоғары балл жинаған түлектің бірі Әсем Мырзағали жыл бойы арнайы репетиторлар жалдап, дайындалғанын айтады. Ата-анасы мен ұстаздарының үмітін ақтаған жас түлек алдағы уақытта Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің дефектология мамандығына оқуға түспек.

Ал Ақбота Әбдіғаппар болашақта ұстаз болуды армандайды.

— Тестілеудің нәтижесін көрген кезде 11 жылдық білімім мен еңбегімнің еш кетпегеніне қатты қуандым. Ендігі мақсатым — жоғары оқу орнына түсіп, математика пәнінің мұғалімі болу. Болашақ жастардың қолында, сондықтан ұстаз болып, ел дамуына, білім саласының өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді, — дейді Ақбота.

ҰБТ-дан жоғары ұпай жинаған түлектерге сәттілік тілейміз!

Д.ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button