Жаңалықтар

Еріктілер тегін дәрі-дәрмек таратты

Кеше қаланың белсенді жастары мен еріктілер тобы облыс орталығындағы ауруханалар мен емдеу орталықтарына тегін дәрі
таратты.
Бұл бастаманы ұйымдастырушылардың бірі Аслан Дұшпановтың айтуынша, бұл дәрілер коронавирус инфекциясымен және пневмониямен ауырып жатқан науқастар үшін арнайы Ресейден әкелінген. Дәрі-дәрмек алу үшін қаржы қала тұрғындарынан жиналыпты.
Еріктілер таратқан дәрілер қатарында азитромицин, азитрус форте, ацетилсалицил қышқылы, леволет-р, левофлоксацин, лидокаин, цефтриаксон бар. Бұл дәрілік заттарды жастар Ақтөбе медициналық орталығына, облыстық туберкулезге қарсы диспансерге, «Шағала» шипажайына, «Дару» клиникасына, облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығына, облыстық психикалық денсаулық орталығына және облыстық клиникалық инфекциялық ауруханаға
үлестірген.

Д.ТАУАНОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button