Басты жаңалықтар

Науқастарды қабылдауға қосымша 600 орын ашылды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде болды. Аталған оқу орнында студенттер жатақханасының 600 орны өкпе қабынуына шалдығушыларға арналған. Науқастарға қаладағы үш бірдей емхананың қызметкерлері көмек көрсететін болады.

Сонымен қатар оқу ғимаратының жанындағы А.Досжанова атындағы мәжіліс залы тұрғындардың сауалдарына жауап беретін сall-орталыққа айналады. Аталған call-орталық бұған дейін халыққа қызмет көрсетіп келген 906-606 нөмірлі call-орталыққа қосымша болмақ. Тәжірибелі мамандар мен профессорлық дәрежедегі 10 дәрігер тұрғындардан жиі түсетін сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ дәрігерлермен видеобайланысқа шығып, ақпарат алуына мүмкіндік туып, тәулік бойы қызмет көрсетеді деген жоспар бар.
«Дару» медициналық оңалту орталығында ашылған 150 орын қазіргі таңда 174-ке көбейтілген. Мұнда да өкпе қабынуына шалдығушылар ем алуда. Облыс басшысы медициналық мекеме басшыларына қызмет түрінің сапалы жүргізілуін, кез келген шұғыл шараларға әзір болу қажеттігін тапсырды.
«Азаматтардың өмірі мен денсаулығы — басты назарда. Атқарушы орган ретінде азаматтардың өмірін сақтап қалу, олардың айығып кетуі үшін жан-жақты шараларды қолға алып отырмыз. Сондай-ақ дерттің таралуын болдырмау шаралары қатаң бақылауда», — деді Оңдасын Оразалин.
Қазіргі таңда облыста 2583 орын болса, оның ішінде провизорлық орын 2194 құрайды. 337 инфекциялық орын бар. 725-і күндізгі стационарлық орындарға арналған. 12 шілдеден бастап клиникалық балалар ауруханасынан қосымша провизорлық 100 орын іске қосылады.
Бұдан соң облыс әкімі Есет батырға арналған ескерткіштің архитектуралық сәулетімен танысты. Есет Көкіұлы атындағы қордың қолдауымен салынған батыр ескерткішінің биіктігі 6,5 метрді құрайды. Авторы — мүсінші Жеңіс Жұбанқос. Ақтөбе-Орск тасжолынан бой көтерген мүсіннің салынуы 2019 жылы басталған болатын.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button