Абай — 175

Абай әндерін орындап, байқауға қатысыңыз!

 «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап каверлер байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты — Ұлы Абайдың әндерін жастарға жаңаша жеткізу.

Аталған байқауға әнге қызығушылық танытатын жастар қатыса алады. Ол үшін әрбір қатысушы Абай әніне кавер орындалатын бейнебаян түсіріп, оны  #Абайәуені175 #Abay175cover хэштегтерін белгілеп, инстаграм желісіне жүктеуі керек. Сондай-ақ  @birgemiz_asyl_mura @jasulan_qz парақшаларын белгілеуі тиіс.

Байқау биылғы жылдың 20 шілдесіне дейін өткізіледі. Жалпы жүлде қоры — 100 000 теңге.

Қосымша сауалдар болса, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының баспасөз қызметіне хабарласуларыңызға болады. Байланыс телефоны: 8 705 597 47 09,

инстаграм парақшасы: jasulan_qz.

Данагүл ҚАЗИХАН.

 

АҚЫН МҰРАСЫ — аСЫЛ ҚАЗЫНА

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының  ұйымдастыруымен «Өлең — сөздің патшасы» тақырыбында онлайн режимінде әдеби кеш өтті.

Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің  қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі  Рита Жұмағалиева қатысты.

Әдеби кеш барысында Рита Жұмағалиева кітапхана оқырмандарына ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы мен оның тәрбиелік-тағылымдық мәні туралы айтып берді.

Сондай-ақ ол ұлт санасын жаңғырту жолында, жастарды тәрбиелеуде Абай мұраларының маңызы зор екенін атап өтіп, жас оқырмандарды ақын өлеңдерін оқуға шақырды.

Шара барысында сұрақтарға жауап беріліп, оқырмандар пікірлерін білдірді.

Бақытгүл КӨПТІЛЕУОВА,

кітапхана қызметкері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button