Жаңалықтар

Науқастарды емдеуге мүмкіндік жеткілікті 

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары, селекторлық режимде қала, аудан әкімдері қатысты. Өңірдің бірінші жарты жылдықтағы әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіші мен эпидемиологиялық ахуалы жайы талқыланды.

Облыс әкімініңбірінші орынбасары Нұржауған Қалауов емдеу мекемелерінде тыныс беру аппараттарының жеткілікті екенін мәлімдеді. Сондай-ақ дәрі тапшылығы мәселесі бойынша  дәрі өндіруші компаниялармен келісімдер жүргізілуде. Ауруханада орын тапшылығы мәселесі жоқ. Науқастарға толық ем көрсетуге мүмкіндік бар. Қазіргі таңда тесттен өткізуге арналған 3 зертханадан 100 мыңға жуық адам зертханалық және экспресс-тесттен өтіп, нәтижесінде індетті жұқтырғандардың қатарын жаппай анықтау мүмкін болды. Күніне 1600 зерттеу жүргізуге болады. Облыста 198 мониторингтік топ құрылған. Олар 4709 нысанға  тексерулер жүргізген.

Облыс басшысы осындай қысылтаяң кезеңді пайдаланып, елді дүрліктіруге тырысқан,  көпшілікке жалған ақпарат таратқан азаматтарға шара қолданылатынын еске салды.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаровтың мәлімдеуінше, 2020 жылдың 6 айлық  қорытындысы бойынша облыста  өнеркәсіптік өндірістің нақты көлем индексі — 101%, құрылыс жұмыстары — 103%, ауыл шаруашылығы — 103%, инвестициялар — 101,3%, тұрғын үйді пайдалануға беру — 103,4%, бөлшек сауда — 78%, көтерме сауда 85% құраған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде жобалық басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуді тапсырды. Сондай-ақ барлық өңірлерге жобалық кеңселер құру тапсырмасына орай 25 мамырда облыс әкімінің өкімімен «Ақтөбе» ӘКК» АҚ базасында облыстың жобалық кеңсесі құрылды. Ол бес базалық бағыттан тұрады. Әрбір базалық бағытқа жауапты облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары бекітілген. Биыл 30,6 мың адамды тұрақты  жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Маусым айында 18,4 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Оның қазіргі таңда 10,1 мыңы орындалды. Әйтеке би, Темір, Шалқар аудандарының көрсеткіші төмен.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қала, аудан басшыларына экономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды ушықтырмауды, ол үшін жан-жақты шараларды қолға алу қажеттігін айтты. Қоғамдық орындарда дезинфекциялық жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button