Әлеумет

«Birgemiz» қорынан ауыл тұрғындары да көмек алуда

Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Birgemiz» қоры арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетудің төртінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде  Ақтөбе облысы бойынша 5 мыңға жуық мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алатын болады. Көмек ауыл тұрғындарына беріледі.

Nur Otan партияcы алғашқы күннен бастап өзінің бүкіл әлеуетін Президент жариялаған короновируспен күрес шараларын қолдауға, мұқтаждарға көмек ұйымдастыруға жұмылдырған болатын. Елбасының бастамасымен «Birgemiz» қоры құрылып,  Мемлекет басшысы қолға алған дағдарысқа қарсы шараларға қосымша мұқтаж жандарға көмек көрсету қолға алынды.Алдымен карантин қиындықтарын көбірек тартқан 23 ірі қаланың тұрғындары қамтылып, көмек көрсетудің бірінші және екінші кезеңі аясында 362 мыңотбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлемақы алды. Оның — 18 451-і Ақтөбе қаласының тұрғындары. Ал үшінші кезеңде республика бойынша 110 мыңдай отбасыға көмек көрсетілсе, облысымыздан Алға, Қандыағаш, Жем, Ембі, Темір, Шалқар, Хромтау  қалаларында тұратын 5880 мұқтаж отбасы қолдауға ие болды. Төртінші кезеңдегі көмек облысымыз бойынша Маржанбұлақ, Бестамақ, Комсомол, Қарауылкелді, Ырғыз, Бадамша, Қобда, Мәртөк, Шұбарқұдық, Ойыл ауылдарында тұратын мұқтаж отбасыларға (нақты саны 4328) көрсетілетін болады. Олардың ішінде аз қамтылған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар бар.

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек  өзінің Instagram-дағы парақшасында Елбасының тапсырмасымен осы кезеңдегі көмек еліміздің ауылдық елді мекендеріндегі аса мұқтаж 80 мың отбасыға бағытталғанын атап өтті. Тұңғыш Президенттің Үндеуіне қолдау білдірген ақжүрек меценаттардың арқасында қорға 28 миллиардтан астам қаражат жиналған.

Төртінші кезең бойынша көмек алғандардың алғашқылары өз қуаныштарын әлеуметтік желіде жақындарымен бөлісіп жатыр. Мәселен, Ойыл ауданының тұрғыны Гауһар Тәжібаева күтпеген жерден көмек алғанын жазып, партияға алғысын келесідей білдіріпті:

Халайық, бүгін есепшотыма 50 мың теңге ақша түсті. Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Birgemiz» қоры қаржылай көмек берді. Расында, мен күткен жоқпын. Біз көпбалалы отбасымыз, бізге бұл көмек маңызды. Осынау сын сағатта ортақ істен сырт қалмай, халыққа қызмет көрсетіп, көмек берген Nur Otan партиясына рақмет!

Ал Қарғалы ауданының тұрғыны Мадина Таджиева мүмкіндігі шектеулі балаларға қордан көмек көрсетіліп жатқанына ризашылығын білдірген. Ол өз жазбасында аталған қаражаттың пандемия кезінде үлкен көмек екенін атап өткен.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button