Денсаулық

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 21 жағдай тіркелді

(2020 жылғы30-маусымдағы мәлімет бойынша)

Диагностикалық ПТР зерттеулерінің қорытындылары 21ер адамға –1959, 1993, 1991, 1994, 1990, 1951, 1937, 1966, 1980, 1957, 1967, 1947, 1965, 1981, 1984, 1953, 1980, 1979, 1956, 1980, 1954жылғыазаматтарға COVID-19 диагнозы қойылған. Науқастардың  төртеуі –Темір ауданынан, біреуі – Мұғалжар ауданынан, басқасы – Ақтөбе қаласының тұрғындары.

8 пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген. Ал, 12 адамда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеу кезінде, 1 адамда –эпидемиологиялық бақылау барысында қауіпті індет анықталған.

Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық ауруханаға оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдауда.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

30.06.2020 ж.жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 883 адам тіркелген.

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button