Білім

Тестілеу өткізу күні өзгертілді

Шілденің 2, 3, 4 күндері тест тапсыратындар (алдыңғы жылғы түлектер) сынақты 28, 29, 30 маусымда және 1 шілдеде тапсыратын болады.

Тестілеуге өтініш білдіргендердің жалпы саны 12 мыңға жуық. Олар еліміз бойынша 30 пунктте тест тапсырады. Сынақ сағат 15.00-де басталады.

Бұрын берілген рұқсатнамалар жарамды. Қандай да бір себептерге байланысты сынақ тапсыратын пунктке келіп үлгермесе, онда олар info@testcenter.kz электрондық поштасына өтініш жазуы керек. Өтініш қысқа мерзімде қаралып, тестілеуге қатысушыға қолайлы, жақын жердегі пунктте (еліміздің кез келген облысындағы) сынақ тапсыруға мүмкіндік беру жөнінде шешім қабылданатын болады.

Айта кету керек, еліміз бойынша биылғы мектеп түлектері үшін (111 113 түлек)  ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусым мен 1 шілде аралығында 161 тестілеу өткізу пунктінде ұйымдастырылып жатыр.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button