Жаңалықтар

Мәслихат көтерген мәселе

Облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен облыстық әкімдіктің тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиында  Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Алмас Шамишев қылмыстық атқару жүйесінің жай-күйі мен проблемалары туралы баяндама жасады.

Департамент бастығы А.Шамишевтің айтуынша, КА-168/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) күн сайын кездесуге және сәлемдемелерді беруге келген сотталғандардың туыстары мекемеде келушілерге арналған күту бөлмесінің жоқтығынан тергеу изоляторының кіру қақпасының жанына жиналады. Өз кезегінде бұл тергеу изоляторы орналасқан аумақта тұратын тұрғындардың наразылығын тудырып, сондай-ақ мекеме қызметкерлерінің жұмысын да қиындатады. Осыған байланысты департамент бастығы мекемеге келушілерді, сонымен қатар мекеме әкімшілігіне жеке мәселелерімен келгендерді қабылдауға арналған фронт-офис салу үшін қаражат бөлу туралы мәселені қарастыруды сұрады.

А.Шамишев  КА-168/2 түзеу мекемесі аумағына кейбір азаматтар тыйым салынған заттарды лақтыратынын, ал оларды ұстау үшін аумақ дұрыс жарықтандырылмағанын айтты.

Жиында көтерілген мәселеге облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова мен депутаттар қолдау білдірді.

 

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button