Жаңалықтар

Көлік аударылып, үш адам жарақаттанды

«Ақтөбе-Қостанай»  автожолында көлік  аударылып, бірнеше адам жарақат алған. Бұл туралы облыстық полиция басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов хабарлады.

— 28 маусым күні сағат 10.30-да Түркістан қаласының тұрғыны, «Тойота-Камри-70» автокөлігінің 67 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Қостанай қаласына қарай келе жатып, Әйтеке би ауданы Әйке ауылынан 40 шақырым жерде «Қарабұтақ-Қостанай» автожолының 231-шақырымында көлікті басқара алмай, кюветтің сол жағына аударылып кеткен. Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды, — дейді Е.Сарқұлов.

Полиция департаменті автокөлікті басқара отырып, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдап, жол, метеорологиялық жағдайларды ескеру, қарсы қозғалыс жолағына шығуға байланысты қауіпті маневрлерден бас тарту қажеттігін ескертеді.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button