Жаңалықтар

Елек маңы қоқыстан тазартылды

Акция

Ақтөбелік жастар Елек өзені жағалауын қоқыстан тазартты. «Таза қала — таза жағалау» акциясы аясында жастар бекітілген аймақтан 100 қапқа жуық қоқыс шығарды.

Бұл — «Атамекен» студенттік құрылыс жасақтарының биылдыққа өткізген алғашқы акциясы. Облыстағы өзен-көлдер маңын тазарту, жастарды және қала тұрғындарын тазалыққа шақыру мақсатында қолға алынған акция алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

— Қоршаған ортаның тазалығы бүгінгі таңда ең өзекті мәселенің біріне айналып отыр. «Таза қала — таза жағалау» акциясы ақтөбелік жастардың жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып тұратын шарасына айналды. Сондай-ақ жасақ жастары жаз бойы түрлі акциялар ұйымдастырып, оларға белсенді түрде қатысады. Қаланы көгалдандыру, абаттандырумен қатар, олар Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне де барынша көмектесіп тұрады, — дейді «Атамекен» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлыбек Мусин.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button