Жаңалықтар

Тілсіз жаудың зардабы айтылды

Рейд

Егін ору жұмыстары — барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін ең маңызды оқиғалардың бірі. Басты екпін, әрине, егінді жинаудың жылдамдығы мен жұмыстың сапасына түседі. Өрт қауіпсіздігі, жұмысшылардың түрлі қатерге тап болмауы да басты назарда.

Осы орайда Темір ауданы әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобының мүшелері — аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім басшысы Б.Баядилов, бас инспектор Б.Сауытов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы С.Төленов бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарына рейд өткізді.
Аталған мамандар ауыл шаруашылығы техникасының өрт сөндіру құрылғыларымен жабдықталуын, өзге де өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексерді. Артынша қызыл жалынның зардабы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл — жыл сайынғы жоспарлы жұмыс.

Шара соңында төтенше жағдай болғанда не істеу керектігі, қажетті мамандардың телефон нөмірлері, т.б. қажетті мағлұматтар беріліп, сақтық шараларын әр кез орындау басты талап екені ескертілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button