Басты бет » Денсаулық » Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 51 жағдай тіркелді

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 51 жағдай тіркелді

(2020 жылғы 28-маусымдағы мәлімет бойынша)

Диагностикалық ПТР зерттеулерінің қорытындылары бойынша 1982, 2000, 1973, 1982, 1957, 1968, 1985, 1978, 1979, 1982, 1964, 1987, 1966, 1972, 1968, 1973, 1996, 1979, 1984, 1963, 1942, 1969, 1967, 1962, 1959, екі 1993, 1987 жылғы 28 әйел адамға, 2013, екі 2019 жылғы балаларға, 20 ер адамға –

1982, 1992, 1937, 1960, 1963, екі 1989, 1961, 1958, 1959, 1950, 1966, 1965, 1989, 1978, 1990,1947, 1993, 1962, 1974 жылғы азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылған. Науқастардың  екеуі –  Әйтеке би ауданынан, біреуі Темір ауданынан, біреуі – Ырғыз ауданынан, басқасы – Ақтөбе қаласының тұрғындары.

35 пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген. Ал, 12 адамда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеу кезінде, 4 адамда – профилактикалық мақсатпен тестілеуде қауіпті індет анықталған.

Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық ауруханаға оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдауда.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

28.06.2020 ж.жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 828 адам тіркелген.

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.