Басты жаңалықтарМереке

Жаңалықты журналистер жеткізеді

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров «Greenland» демалыс кешенінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Қоғамда төртінші билік иесі аталып жүрген журналистер еңбегі қандай да құрметке лайық. Халықты күнделікті жаңалықтардан хабардар етіп, шындықты жеткізіп, болған жайдың ақ-қарасын анықтап беріп, нақты мәлімет таратудағы еңбектеріңіз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені сіздердің осындай жұмыстарыңызға байланысты қоғамда пікір қалыптасады. Ақтөбе аймағының тұрғындары сіздердің жұмыстарыңызға ерекше ықыласпен, үлкен сеніммен қарайды деген ойдамын. Себебі сіздер қай кезде де нақты мәлімет таратып жатасыздар. Қаланың тірлігіне қатысты журналистер тарапынан  жазылатын, айтылатын әрбір сын — біз үшін үлкен қолдау. Өйткені мен де, жанымдағы әріптестерім де мұндай сынды қалыпты қабылдаймыз. Айтылған сынға байланысты дер кезінде нәтиже шығарып, жағдайды реттеу — біздің міндетіміз, — деген Асхат Шахаров бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін  мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тілеп, құрмет көрсетті.

Ақтөбе қаласы әкімінің арнайы Алғыс хаты мен ақшалай сыйлығына ие болғандардың арасында облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің тілшілері Арайлым Нұрбаева мен Айжан Шаукулова, фототілші Аслан Мүсеновтер бар.

Өз тілшіміз.      

Басқа жаңалықтар

Back to top button