Білім

ҰБТ: 5 күнде 3182 түлек сынақ тапсырды

5 күнде ұлттық бірыңғай тестілеуге 3182 түлек, яғни мектеп бітірушілердің 55,4 пайызы қатысты.

9 ауданда — Алға, Байғанин, Қарғалы, Қобда, Темір, Ойыл, Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарында тестілеу толық аяқталды.

21 маусымда басталған сынақ мектеп түлектері үшін 30 маусымға дейін жалғасады (6604 түлектің 5739-ы (86,9 пайыз) тестілеуге қатысуға өтініш берді). Ал 1-3 шілде аралығында колледж түлектері сын тапсырады, — дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

28 маусым күні Мәртөк ауданының түлектері үшін ҰБТ басталады. Ақтөбе қаласы мен облыстық мектеп-интернаттар түлектері үшін сынақ 30 маусымға дейін жалғасады.

ҰБТ өткізу барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталған. Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде сынаққа қатысушылардың арақашықтығы кемінде 2 метр болуына басымдық берілген. Әрбір аудитория кезең-кезеңмен желдетіледі.

ҰБТ қатысушыларын тәуелсіз сарапшылар бақылауда. Олардың құрамында арнайы мониторинг тобының мүшелері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және «Адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің өкілдері бар. Сондай-ақ тестілеу ашықтығын қамтамасыз ету үшін әр аудиторияда орналасқан бейнебақылау камералары онлайн трансляцияға қосылған.

 P.S.

26 маусым күні тестілеу 4 пунктте Әйтеке би, Ырғыз аудандары мен Ақтөбе қаласындағы 2 пунктте ұйымдастырылып жатыр. Жоспар бойынша 573 түлек қатысуы тиіс-тін. Дегенмен 17 түлек тестілеуге келген жоқ.

 Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button