Мәдениет

Кітапхана: ардагерлер мен үздіктер

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының мәжіліс залында бір топ кітапханашыға құрмет көрсетілді.

Шарада облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев кітапхана ісі саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен ұзақ жылғы қызметін ескере отырып, облыстағы бірқатар кітапханашыны Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, «Қазақстандық Кітапханалық одақ» заңды тұлғалар бірлестігі атынан «Кітапхана ісінің ардагері», «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапаттады.

Аталған кітапханада ұзақ жыл басшылық еткен, бүгінде құрметті зейнет демалысындағы Базаргүл Қалекенова, кітапхананың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Сара Мәмбетова, сондай-ақ Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Дина Досовалардың кеудесіне «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісі тағылды. Ал облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана директорының орынбасары Айгүл Қырымқұлова мен аталған кітапхананың өлкетану бөлімінің дерекқор әкімшісі Сәуле Сұлтанаеваға, сондай-ақ Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы мектепке дейінгі және төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Рима Мәндібаевалар «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісін иеленді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button