Спорт

Кезекті жеңіліс

Осылай демегенде не дейміз? Футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында Қазақстан құрама командасы жеңілістен көз ашпай-ақ қойды. Қазақстанды 2016 жылы әлем чемпионатының ақтық кезеңінен көресіңдер деп лепірген Берн Шторк командасы «Астана-Арена» стадионында Германиядан 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. Аса тер шығармай-ақ, емін-еркін ойнаған немістер қайтарымсыз 3 гол соғып, өздеріне қажетті нәтижені оп-оңай бағындырды. Мирослав Клозе, Марио Гомес, Лукас Подольски үш доптың авторы атанды. Айта кету керек, Германия сапында 57 рет алаңға шыққан Клозе өзінің 58-голын соқты.

Жалпы, Еуропа елдерінде құрама команда екі-үш рет сәтсіздікке ұшыраса, бас бапкерді алмастыру мәселесін алға тартады. Бізде қалай болар екен? Қазақстан футбол федерациясында Шторкты алмастыру туралы әңгіме қозғалар ма екен?

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button