Жаңалықтар

«Фолиант» колледжге келді

Жуырда Ақтөбе политехникалық колледжінің бір топ оқытушыларының оқу-әдістемелік құралдары Астанадағы «Фолиант» баспасынан басып шығарылды. Осыған орай жақында бір топ астаналық баспаханашылар Ақтөбеге ат басын тіреді.

Ақтөбеге сапары барысында олар политехникалық колледжінің оқытушылар құрамына семинар-кеңес өткізді. Кездесуге қаладағы өзге жоғары оқу орындары мен арнаулы және орта білім беретін мекемелердің өкілдері қатысты.

Ақтөбе политехникалық колледжі оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Жанат Қожаниязованың айтуынша, бұл еліміздің 2008-2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ  2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтіп отырған шара.

Астанадағы «Фолиант» баспаханасынан колледждің 11 оқытушысының оқу-әдістемелік құралдары басып шығарылды. Бұл — студенттер үшін өте қажетті оқулықтар, — деді Жанат Тоғабайқызы.

Семинар-кеңесте астаналық қонақтар еліміздің Білім және ғылым министрлігі өткізген тендерде жеңіске жеткен «Фолиант» баспаханасының артықшылықтары туралы айтты. Басқосу соңы кітап көрмесін тамашалаумен аяқталды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button